ТМД банктері үшін

ҚТО компаниясы туралы

Қаржы Технологиялары Орталығы (ҚТО) – ресейлік АТ-компаниясы, РФ және ТМД қаржы нарығының қатысушыларына арналған шешімдер провайдері.
 
ҚТО нарықта 1991 жылдан бастап қызмет етуде. Компанияның кеңселері Мәскеуде (Маркетинг және сату орталығы), Новосибирскте (Бас зерттеу орталығы), Санкт-Петербургте, Екатеринбургте, Дондағы Ростовта, Алматыда (Азиялық кеңсе), Кишиневте (Шығыс-Еуропалық кеңсе) орналасқан. РФ-ң жетекші экономикалық өңірлерінде ҚТО-ның 17 Зерттеу орталығы қызмет етеді.
 
Компаниялар Тобының қызметкерлер саны 2200 адамнан асады. 
 
ҚТО КТ-ң өнімдік желісі барлық түрдегі банк қызметін жүзеге асыруға, қаржы ұйымдарының төлем нарығына қатысуына бағытталған өнімдермен ұсынылған.
 
ҚТО ресей нарығында қызмет ететін БЖ әзірлеушілерінің алғашқы бестігіне, РФ-ң жоғары технологиялық компанияларының «ТехУспех» рейтингісінің алғашқы ондығына кіреді.
 
500-ден астам РФ және ТМД банктері ҚТО-ның бағдарламалық өнімдерін және сервистерін пайдаланады:   РФ Жинақ банкі, Газпромбанк, «Возрождение», «РОССИЯ» банкі, «Банк Санкт-Петербург», «Еврофинанс Моснарбанк», «Росгосстрах Банк», «УралСиб» Банкі, «Петрокоммерц» банкі, «ТРАСТ» Ұлттық банкі, «НОМОС Банк»,  «МДМ Банк», «Открытие» Банкі, «Связной Банк», «Восточный Экспресс Банк», «Национальный резервный банк», «Финансово-промышленный капитал» Банкі, «БКС Банк», «РЕСО Кредит» Банкі, «Нордеа Банк», Стандарт Банкі және т.б.
 
Компания ТМД елдерінің нарығында белсенді қызмет етіп дайын шешімдері РФ-нан тыс жерлерде кеңінен қолданылатын ресейлік әзірлеушілердің арасындағы көшбасшы болып табылады.
 
Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Молдова, Тәжікстан нарықтары үшін ҚТО осы елдердің Ұлттық Банктерінің талаптарына сәйкес ЦФТ-Банк (1-Платформа), ЦФТ-Ритейл банк (1-Платформа), ЦФТ-Ритейл банк (Oracle базасында), ЦФТ-Фронт-офис, ҚТО-ҚБҚ жүйелерінің елдік дистрибутивтерін әзірлеп дамыту үстінде.

ЦФТ-Банк

Жүйе туралы

ЦФТ-Банк (1-Плафторма) Банктік ақпарат кешені – банктердің қызметтерін кешенді түрде автоматтандыруға арналған шешім.
 
ЦФТ-Банк бағдарламалық кешені заманауи банк бизнесінің жоғары талаптарына толығымен сай және Ресей мен ТМД елдерінің ірі қаржы ұйымдарында қолданылады.
 
ЦФТ-Банк өнімділігінің параметрлері:
  • Бір мезгілде әртүрлі уақыт белдеулеріндегі 10-нан 15000 пайдаланушыға дейін қызмет көрсету;
  • 10 000 000 астам клиентке қызмет көрсету;
  • 8 000 000 астам құжат және тәулігіне 15 000 000 транзакция өңдеу;
  • 30 000 000 жеке шоттарына қызмет көрсету.
  
Жоғары көлемді өнімділікке қол жеткізу бизнестің кеңейтілуіне орай қосымша серверлік жабдықты қосуға мүмкіндік беретін жүйенің тиімді және масштабталатын сәулеті себеп.
 
ЦФТ-Банк банк бизнесіне келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
  • Корпоративтік және жеке клиенттерге клиенттік қызмет көрсету
  • Қаржы және қор нарықтарындағы банк оперциялары
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік
  • Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі
  • Корпоративтік басқару
  
ЦФТ-Банк жүйесі қаржы ұйымдарын келесімен қамтамасыз етеді:
  • Заманауи дистрибуция арналарын пайдаланып, клиенттерге 24х7 режимінде қызмет көрсету
  • Банк операцияларын банк жұмысының есептік саясаты мен технологиясына қатаң сәйкестікпен орындау.
  • Банктің бірыңғай ақпарат кеңістігін және банктің бірыңғай қаржылық құжат айналым ортасын құру
  • Тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдау
 

Ендіру амалы

Жаңа ақпараттық платформаны өнеркәсіптік пайдалануға жылдам ендіру – ҚТО-ның технологиялық шешімдерінің маңызды нарықтық артықшылықтарының бірі. 
 
ҚТО-ның ауқымы және мамандығы әртүрлі банктерге ендіру жобаларын жүзеге асырған көп жылдық тәжірибесі жүйені орналастыру бойынша тиімді әдістемені құрып оны өнеркәсіптік пайдалануда жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
 
Ендіру жобасының кезеңдері:
  • Банктің бизнес-қажеттіліктерін зерттеу және ендіру жоспарларын әзірлеу;
  • Бағдарламалық жасақтаманы орнату және баптау;
  • Банкпен бұрын қолданылған жүйелердегі деректерді конвертациялау;
  • Деректердің тұтастығын тексеру;
  • Банк аумағында бақылау бойынша сүйемелдеу;
  • Қашықтан қол жеткізетін қорғалған арна бойынша сүйемелдеу;
  • Өнімді банктің қажеттіліктеріне ыңғайлап бейімдеу (локальді және өңірлік жөндеуді іске асыру);
  • Интерфейсті әзірлеу және банк пайдаланатын сыртқы жүйелермен біріктіру.
     
Бағдарламалық өнімдерді ендіру ҚТО мамандарының күшімен, сертификатталған серіктестердің жоба командаларымен, банктің арнайы оқытылған АТ-командаларының күштерімен жүргізілуі мүмкін.
 
Банк мамандарының ендіру жобасына қатысу деңгейіне байланысты ҚТО келесі ендіру нұсқаларын ұсынады:
 
  • Банк пен ҚТО-ның бірлескен жоба командасымен ендіру
  1. Жүйе Банк пен ҚТО мамандарынан тұратын бірлескен Жоба командасымен іске қосылады. Жоба командасының қатысушылары Банк аумағында да және қашықтық режимде де жұмыс істей алады. 
  2. Жоба ішкі жобалардың жинағынан құралған – «бір Өнім – бір ішкі жоба»
  3. Әр ішкі жоба Банкке арналған нақты бизнес-нәтижені көздейді және оның белгіленген іске қосылатын күні мен өнім параметрлері болады. 
  4. Жобаға басшылық ету:

    4.1 Жоба директоры – ҚТО тарапынан Банкке қажетті барлық Өнімдердің уақытылы іске қосылуына жауап беретін Жоба басшысы.

    4.2 Ішкі жобаның үлестес директоры – Банк тарапынан Банктегі тиісті Өнімнің параметрлерін және іске қосылатын күнін анықтауға жауапты нақты қаржы Өнімін іске қосу бойынша ішкі өнім басшысы. Қағида бойынша, ол клиенттерді тарту, орналастыру, саны, маржасы және т.с.с. мөлшерлері көрсетілген бизнес-жоспарлары бар Банктің бизнес-бағытының басшысы.

    4.3 Ішкі жоба үйлестірушісі – ҚТО тарапынан тиісті Қаржы Өнімінің уақытылы іске қосылуына жауапты нақты Қаржы Өнімін іске қосатын ішкі жоба басшысы ҚТО-ның Жобалық топ мамандарының Қаржы Өнімін іске қосу бойынша жұмыстарын үйлестіреді.
  5. Қаржы Өнімін іске қосу мыналарды қамтиды:
    • зерттеу,
    • баптау жұмыстары,
    • конвертациялар,
    • Өнімді Банктің арнаулы талаптарына ыңғайлап біріктіру және кастомизациялау,
    • қабылдау-тапсыру сынақтары,
    • ауысу және бақылау бойынша сүйемелдеу
    • айды аяқтау.
  6. Жобаның іске асырылуын апта сайын бақылау
 
Әрбір ішкі жобаны іске асыру барысында, апта сайын, ҚТО тарапынан Жоба директоры және Банк тарапынан Ішкі жобаның үлестес директоры өткен аптаның жұмыс нәтижелерін жазып алады және келесі аптаға арналған жұмыс жоспарын (Өнімді іске қосу артықшылықтарына сәйкес) бекітеді.
 
  • Банк мамандарының ендіруі
  1. Жүйені іске қосу Банктің Жоба командасының күштерімен жүргізіледі. Бұл шешім Банктің Өнімдерді ендіру бойынша типтік жұмыстарды орындауға ұсталған шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. 
  2. Банкке Жүйені ендіру әдістемесі беріледі, онда ендірудің егжей-тегжейлі жоспары, Жоба командасы мен Аппараттық-Бағдарламалық Кешенді құрудан бастап Өнімді өнеркәсіптік пайдалануға қосқаннан кейін ҚТО-ның сүйемелдеу қызметіне қосуға дейінгі Жобаның әр кезеңін орындау бойынша кеңестер бар.
  3. ҚТО Жобаны ендіру тиімділігін арттыру және бастамалау кезеңін тездету және бастау үшін Банктің Жоба командасын Жүйемен жұмыс істеуге қашықтан үйретуді және Банктің АТ командасы үшін Ендіру әдістемесін іштей оқытуды ұсынады. 
  4. Қажетті консультациялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін Жоба бойынша жұмыстардың орындалатын кезеңіне ҚТО-дан Үйлестіруші тағайындалады. 
  5. ҚТО Жоба бойынша шешуші материалдарды орналастыру үшін Жоба Порталын ұсынады. Порталға келісілген тұлғалар тобы ғана кіре алады. 
  6. Белгілі бір міндеттерді орындау үшін сертификаты бар мамандарды ҚТО-дан тағайындалған Жоба Үйлестірушісіне жолданған алдын ала өтінім беру арқылы тартуға болады.  Ақы төлеу нақты істелген жұмыстар бойынша жүргізіледі. 
  7. Өнімдерді өнеркәсіптік пайдалануға қосқаннан кейін және Жүйенің схемасын маңызды нұсқаға ауыстырғаннан кейін ҚТО Банк схемасына аудит жүргізеді және Банкті сүйемелдеу қызметіне қосады. 
  8. Тараптардың Өнімдерді келісілген мерзімде іске қосу туралы ниеттерін растау үшін Жүйенің Өнімдерін өз бетінше ендіру туралы Шарт жасалады.
 
Жүйені іске қосу қызметтері
  • Оқыту
  • АЖ-ны, ДҚБЖ-ны, Платформаны орнату
  • Бастапқы деректер сапасын бағалау
  • Өнімдерді/Қолданбаларды іске қосу
  • Қолданбаларды біріктіру
  • Өнімдерді/Қолданбаларды түрлендіру
  • Тестілеу күндері
  • Жүктемелеп тестілеу
  • Бақылау бойынша сүйемелдеу
  • Міндетті есептілікті жасау бойынша кеңестер беру
  • Айды жабу бойынша кеңестер

ЦФТ-Фронт-офис

ЦФТ–Фронт-офис – кредит өнімдерін беру мен заңды және жеке тұлғаларға кредиттік өтінімдерді қабылдау және қарау, кредиттік мәмілелерді жасау және жүргізу сияқты қызметтер көрсету бойынша бизнес-процестерге технологиялық қолдау көрсетуге арналған бағдарламалық шешім.
 
ЦФТ-Фронт-офис  кредиттік өтінімдерді өңдейтін тиімді АТ-құралы.
ЦФТ-Фронт-офис кез келген кредиттік ұйым үшін қолайлы, өйткені оңай бапталады және өтінімдер нысанын, өтінімдерді толтыру процесі, құжаттардың үлгілерін тексеру сияқты процестерін бейімдеудің механизмі ынтайландырылған. Шешім кез келген АБЖ-мен бірігеді.
 
ЦФТФронт-офис Қолданбаларының кешені Банктің кредиттік бизнесінің төмендегідей бағыттарда автоматтандырылуын қамтамасыз етеді:
  • Автокредиттеу
  • Жылжымайтын мүлік кредиті
  • Шағын және орта бизнеске берілетін кредиттер
  • Экспресс-кредит беру
 
ҚТО-ның фронт-офистік Бағдарламалар кешенінің функционалдық мүмкіндіктері:
  • Кредит алуға өтінімді өңдеу кезеңдерін баптау
  • Кредиттік калькулятор;
  • Өтінімнің өңделу тарихын сақтау;
  • Кредит өнімдерінің талаптарын ыңғайлы баптау;
  • Кредиттің толық құнын есептеу;
  • Толтырылуы міндетті жолақтарды баптау;
  • Кредит беруге арналған сауалнама-өтінім нысанын баптау;
  • Жүйедегі құжаттарды сканерлеу және сақтау;
  • Файлдармен және суреттермен жұмыс істеу;
  • Құжаттарды басып шығару;
  • Клиентті стоп-тізім бойынша тексеру (қара тізім, мерзімі кешіктірілген/теріс кредиттік тарихы бар клиенттер тізімі, скоринг бойынша бас тартылған клиенттер тізімі);
  • Жарамсыз жеке куәліктерді бақылау
  • Есептік жүйеге шарттар, шоттар және т.б. ашу үшін қажетті ақпаратты сақтау және беру.
  • Клиенттің сауалнамалық деректерін өзгертуге өтінімді енгізу және өңдеу;
  • Қамтамасыз етуді тіркеу;
  • Кредит беру жүзеге асырылатын шот автоматты түрде байланған қашықтан банктік қызмет көрсету шарттарын ашу;
  • Сақтандыру туралы ақпаратты тіркеу (сақтандыру кредит өнімінің талаптарында қарастырылған жағдайда);
  • Клиенттің төлем қабілеттілігіне талдау жүргізу үшін ұйымның қаржылық ақпаратын (бухгалтерлік және басқарушылық есептілік) тіркеу;
  • Шұғыл есептілік алу.
 

Әлеуетті қарызгерлерді тексеруге арналған функционалдылығы

Кредит беру процесінің ажырамас бөлігі әлеуетті қарызгердің төлем қабілеттілігін бағалау мақсатымен ол туралы шынайы ақпарат алу болып саналады. ЦФТ-Фронт-офис Банкке қарызгер берген деректерді тексеру жүйесін автоматтандыруға және оның кредит қабілеттілігін есептеуге мүмкіндік береді.
 
  • Кредиттік өтінімді сараптау
Қолданба кредиттік өтінімді қауіпсіздік қызметі, андеррайтинг және т.с.с. әртүрлі бағыттар бойынша сараптауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
 
Функционал келесіге мүмкіндік береді:
  • Төмендегі жағдайларға байланысты кредиттік өтінімге сараптама жүргізуге тапсырмаларды қалыптастыруға:
    • Өтінімді өңдеу кезеңіне
    • Кредит өніміне
    • өтінімдегі клиенттің рөлі мен қамтамасыз ету түріне
    • Кредит сомасына
    • Кредит түріне және мерзіміне және тағы басқа да параметрлерге
  • Сыртқы скорингілік жүйеден алынатын жауап бойынша сараптама жүргізуге тапсырма жасауға
  • Әр сараптаманың қорытындысын жазуға және олардың негізінде әрі қарайғы өтінімді өңдеу процесін қалыптастыруға
  • Сараптамалық қорытынды нәтижесіне байланысты өтінімді әрі қарай қарауға тосқауыл қоюға
  • Келесі өтінімге сараптама жүргізілген кезде бұрын алынған сараптамалық қорытындылардың нәтижелерін пайдалануға
     
Банк үшін артықшылықтар:
  • Банктің бас офисіне және оның өңірлік бөлімшелеріне келіп түсетін өтінімдерді орталықтандырылған өңдеу үшін бірыңғай деректер қорын жасау;
  • Берілген өтінімдердің және сол деректерді қайта түсетін өтінімдерді өңдеу кезінде пайдалану үшін олардың тексеру нәтижелерінің бірыңғай мұрағатын жасау.
  • Қарызгерлердің сауалнамаларын талдау кезінде банктің қауіпсіздік қызметі тарапынан тәуекелдерді талдау бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету.
 
  • Кәсіби скорингілік NBSM жүйесімен біріктіру
ЦФТ-Фронт-офистің кәсіби скорингілік New Business Strategy Manager (NBSM) жүйесімен біріктіру есебінен Банк әр қарызгер бойынша барынша толық мәліметті жинау, қабылданатын шешімдер сапасын, демек кредиттік портфельді арттыру, кредиттік және операциялық тәуекелдер деңгейін төмендету мүмкіндігін алады.
NBSM жүйесінен түсетін деректер Банкке кредитті ресімдеу кезінже тәуекелдерге дәлме-дәл баға беруге жылдам шешімдер қабылдауға және әрбір нақты клиентпен жұмыс істеуден ықтималды қайтарымдылықты дәл анықтауға мүмкіндік береді.
 
ЦФТ-Фронт-офистің NBSM жүйесімен біріктірілуі қарызгерлерді бағалаудың тәжірибелік моделінен статистикалық деректер негізінде әзірленген ықтималдық-статистикалық моделге көшуге мүмкіндік береді.
 
  • КТБ-дан ақпарат алу
ЦФТ-Фронт-офисте деректерді ірі ұлттық КТБ-лерден – ҰКТБ-лерден, «Эквифакс Кредит Сервисиз» және «Экспериан-Интерфакстен» алу мүмкіндігі іске асырылған.
 
Банктің КТБ-мен бірлесіп жұмыс істеуі әлеуетті қарызгердің кредиттік тарихы туралы толық және шынайы ақпаратты жылдам алуын қамтамасыз етеді.
 
Банкке арналған мүмкіндіктер:
  • КТБ-ге әлеуетті қарызгер туралы сұраулар жасау және алынған есепті өңдеу
  • Банктің әлеуетті қарызгерлері бойынша кредиттік есептер алу
  • Клиенттер мен кредиттік тарихтар туралы ақпаратты жинақтау және сақтау
  • Банктің әрекеттегі және әлеуетті клиенттерінің кредиттік тарихтары бойынша деректер қорын жүргізу.
КТБ-мен әрекеттесу үшін Қолданбаларды қолдану Банкке жұмысты заңнаманың барлық талаптарына сәйкес құруына, жекелей және корпоративтік кредиттеу тәуекелдерін төмендетуіне мүмкіндік береді.
 

Құжат айналымына қолдау көрсету

  • Құжаттар логистикасы
Құжат айналымына технологиялық қолдау көрсету бөлігінде ЦФТ-Фронт-офис клиентке кредит өнімін берілген кезде ресімделген қағаз құжаттарды қабылдау, тексеру, сақтауға өткізу және мұрағаттан іздеу үшін жауапты бақылаушылардың жұмысын автоматтандырады. Бұл Банк қызметкерлерінің клиенттердің қағаз түріндегі құжаттарымен жұмыс істеу тиімділігін едәуір арттыруға, іс-қағаздарды жүргізу ағымын аса ашық етуге мүмкіндік береді.
 
ЦФТФронт-офисте келесі операциялардың орындалуы іске асырылды:
  • Жүйеге сату нүктелерінен келіп түскен құжаттамалардың дұрыс толтырылуы мен толықтығы туралы ақпаратты енгізу
  • Құжаттардың қағаз көшірмелеріне бірегей штрих-кодты түсіру
  • Құжаттарды штрих-кодтары бойынша іздеу
  • Электрондық клиенттік құжаттаманы жасау
  • Банктің іс-қағаздарды жүргізу ағымында клиенттік құжаттаманың қағаз көшірмесінің қозғалысын көрсететін электрондық клиенттік құжаттаманы маршруттау
 

Жүйелік БЖ

Фронт-офистің жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті барлық бағдарламалық жасақтама банктің аппараттық құралдарына орналастырылады.
 
Банктің ЦФТ-Фронт-офис жүйесін бұлтты Қолданба ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда жүйе ҚТО компаниясының аппараттық құралдарына орналастырылады және кредит ұйымына аутсорсинг шарттарында беріледі.
 
Банк аумағында тұрған фронт-офис бөлімшесінің мамандары жүйеге кіруі үшін пайдаланушының «ЦФТ-Навигатор» атты әмбебап жұмыс орны қолданылады.

ЦФТ-Страхование

-

ҚТО-ҚБҚ

ҚТО ТМД елдеріндегі Банктерге және қаржы ұйымдарына шоттарды қашықтан басқаратын заманауи электрондық банк өнімін пайдалану арқылы әрекеттегі клиенттердің адалдығын және жаңаларын тартуды арттыратын, сондай-ақ негізгі банк операцияларын жүзеге асыруға ұсталатын шығынды азайтатын тиімді құрал – «ҚТО-ҚБҚ» жүйесін ұсынады.
 
«ҚТО-ҚБҚ» жүйесі өз бойына ҚБҚ – Faktura.ru процесингілік орталықтың үздік практиктерін жинаған, ол Ресейдің Банк жүйесіне қатысушыларға 2000 жылдан бастап технологиялық аутсорсинг қағидаларында интернет- және мобильді банкинг сервистерін көрсетеді. Бүгінгі күні ҚБҚ-ны Faktura.ru брендімен 300 банк және Ресейдің 130 қаласындағы олардың филиалдары сәтті пайдаланып келеді.
 
Қазіргі уақытта «ҚТО-ҚБҚ» жүйесі ТМД аумағындағы «Қырғызстан» АКБ, «Агроинвестбанк» КБ (Тәжікстан) сияқты банктерде табысты пайдаланылып келеді, тағы бірқатар жобалар ендіру сатысында тұр.  Ресей Федерациясында бұл шешім Ресей Жинақ банкінің Батыс-Орал, Батыс-Сібір, Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, Орал және Сібір банктерінде сәтті қолданылып жүр.
 
Банктің қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесін пайдаланудан көретін шешуші пайдасы:
  • Келешектегі жоғары пайдаланушылық қасиеттері он жылдан кем емес;
  • Банк ноу-хауды сақтаған кезде типтік процестер мен өнімдерді ендіру;
  • Ұтқырлық пен өнімділіктің жоғарғы деңгейі бар масштабталатын шешімді қамтамасыз ету;
  • Заманауи платформада біріктірілген шешімді қамтамасыз ету;
  • Шешімге сапалы қолдау көрсетуді және қолдау көрсету мен дамыту қызметтерін орталықтандырылған сүйемелдеуге беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Банк бизнесін дамытуға қаражаттарды және ресурстарды инвестициялау.
 

ҚТО-ҚБҚ – бұл…

Банк клиенттеріне Интернет желісі арқылы ыңғайлы және сенімді қашықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін толық функциялы тираждалатын шешім.
 
Шешім электрондық құжаттардың орталықтандырылған процессингі қағидасында құрылған. Жүйе бір деректер жүйесінде сіздің Банкіңізде ашылған барлық шоттарды біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осылайша, клиенттерге бірыңғай интерфестен және «бір терезеден» өзінің қаржы ресурстары туралы ақпаратты алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
 
«ҚТО-ҚБҚ» банктің офистерді жалға алу және жабдықтау (филиалдық желіні дамытудың қымбаттылығын қосқанда), персоналға жалақы төлеу шығындарын және өзге де әкімшілік шығыстарын қысқарту есебінен дәстүрлі қызмет көрсету тәсілімен салыстырғанда бөлшек сауда операцияларын жүзеге асырудың өзіндік құнын он есе төмендетуге мүмкіндік береді.
 
«ҚТО-ҚБҚ» технологиялық кешенін пайдаланып, банктің корпоративтік және дара клиенттерге өздерінің шоттарын қашықтан басқару қажеттіліктерін қанағаттандыратын аса заманауи электрондық банк өнімдерін пайдалануды ұсыну мүмкіндігі болады.
 
Жүйелерді көп жыл бойы әзірлеу, ендіру және бейімдеу тәжірибесі ҚТО-ға ұсынылып отырған жүйені ендіру, соның ішінде әдістемелік, ұйымдастырушылық және бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушыларды оқыту және әрі қарай сүйемелдеу бойынша барлық кешенді жұмыстарды «аяғына» дейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
 
«ҚТО-ҚБҚ» жүйесін орнату банктің Автоматтандырылған Банк Жүйесімен, карталық процесингтерімен және 1С бухгалтерлік бағдарламамен барынша тығыз байланыстыруға; деректерді қорғалған байланыс арналары арқылы беруге, ақпараттық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге; білікті технологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
 
Банк жылдам орнатылатын және оңай масштабталатын дайын жүйе мен технологияға ие болады, ал оның клиенттері – банктік шоттарын Интернет арқылы қашықтан басқару үшін мүлдем шексіз мүмкіндіктерге ие болады.

Жүйенің негізгі міндеттері
  • ЭСҚ (Электрондық сандық қолтаңба) сертификатын автоматты түрде беру;
  • ЭСҚ сертификатының мерзімін ұзарту;
  • ҚБҚ жүйесінде шарттарды автоматты түрде тіркеу;
  • Клиенттерге шоттың жағдайы туралы ақпарат беру;
  • Клиенттерге белгілі уақыт кезеңі үшін шоттар бойынша үзінді беру;
  • Клиенттерден шотты салыстырып тексеруді және қалдықты растауды сұрау;
  • Клиенттерден төлем тапсырмаларын қабылдау және өңдеу;
  • Клиенттен валюта қаражаттарын аудару тапсырмаларын қабылдау және өңдеу;
  • Клиенттерден валюта қаражаттарын айырбастау өтінімдерін қабылдау және өңдеу;
  • Конверсияланған валюта аударымын жіберу;
  • Клиенттерге валюта қаражаттарының транзиттік шотқа аударылғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жіберу;
  • Клиенттерге есеп айырысу шотына бейрезиденттен түскен ұлттық валютаның аударылғаны туралы хабарлама жіберу;
  • Клиенттерден транзиттік шоттағы қаражатты шығаруға өтініштерді қабылдау және өңдеу;
  • Жалақы жобасымен жұмыс істеуге қолдау көрсету: клиенттің жалақы шарттары туралы ақпаратты синхрондау ҚБҚ жүйесінде автоматты түрде тіркеу, шоттар ашуға тізілімді өңдеу, аударуға тізілімді өңдеу;
  • Банк тарифтері бойынша комиссиялар алу;
  • «Тәуекелді» төлемдерді бақылау және растау мүмкіндігі.

Айқын артықшылықтар
 
Үздіксіздік
«ҚТО-ҚБҚ» тәулік бойы көптеген пайдаланушыға қызмет көрсетуге арналған және тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
 
Әмбебаптылық
Шешім ірі инфрақұрылымдарды басқаруға, әртүрлі топтағы пайдаланушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша, банктің барлық санаттағы клиенттері: жеке және корпоративтік, базалық қызметтің тұтынушылары және талаптары жоғары клиенттер, «ҚТО-ҚБҚ» сервистерінде бүкіл қажетті қызметті таба алады.
 
Үнемділік
«ҚТО-ҚБҚ» - бұл құны төмен деңгейдегі барынша қарапайымды және функционалды банк қызметтеріне қашықтан қол жеткізу жолы. «ҚТО-ҚБҚ» жүйесімен қай банк операциясы болмаса да жеке тұлғаға әр кезде және Интернет бар кез келген жерде қол жетімді.
 
Пайдалану қарапайымдылығы
«ҚТО-ҚБҚ» жүйесіндегі пайдалану интерфейсі ақпараттық технологиялар бойынша негізгі білімі ғана бар және банк операцияларын жүзеге асыру бойынша егжей-тегжейлі хабардарлық деңгейі жоғары емес пайдаланушылардың жұмыс істеуіне бейімделген. Интернетте жалпы жұмыс істеу дағдысы жеткілікті, ешқандай қосымша бағдарламалар немесе басқа лицензиялар қажет емес[1].
 
Бірегейлік
Банк қолданыстағы опциялардың топтамасын нарықта баламасы жоқ бірегей, жеке-дара сервистермен ұлғайта алады. Банктің сервистерді «қарқынды форматта» - нарық жағдаятына жылдам әрекет ету, клиенттердің көкейкесті қажеттіліктеріне сәйкес функционалдық мүмкіндіктердің қажетті тізбесін жасау арқылы көрсету мүмкіндіктері бар.
 
Масштабталу
«ҚТО-ҚБҚ» жүйесінде әртүрлі қол жеткізу арналары бойынша қашықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бірқатар ішкі жүйелер біріктірілген. Шешімнің барлық ішкі жүйелері бір ақпараттық ортада жеке-дара әрі кешенді түрде жұмыс істейді. Ішкі жүйелер жалпы түйінмен – орталық деректер қорымен және «ҚТО-ҚБҚ» бірыңғай серверімен біріктірілген.
Деректерді өңдеудің көп пайдаланушылық және көп ағымдық моделі жүйені шексіз масштабтауға мүмкіндік береді.
 
Құпиялық
Ақпарат құпиялығын қамтамасыз ету үшін "ҚТО-ҚБҚ" жүйесінде технологиялық шаралардың толық кешені қолданылады, соның ішінде ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесі  қолданылады, АКҚҚ (ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары) арқылы қосымша авторизациялау да опциялы түрде қарастырылған, қосылымды қорғау SSL (Secure Socket Layer) хаттамасы арқылы қамтамасыз етіледі.
 
Қауіпсіздік және ақпарат қорғанысы
 
Күшті платформа
«ҚТО-ҚБҚ» кешені ірі өнеркәсіптік шешімдерді жасауға арналған Unix Амалдық Жүйесінің базасында жұмыс істейді. Оның жоғары деңгейлі ақпарат қауіпсіздігі жүйесін іске асыру үшін барлық қажетті құралдары бар, икемді және бас тартуға төзімді шешімдер жасауға мүмкіндік береді. «ҚТО-ҚБҚ» жүйесінде банк пен клиент арасындағы құжат айналымын ұйымдастыру үшін қажетті барлық технологиялық және заңды элементтерінің болуы қамтамасыз етілген.
 
Электрондық-сандық қолтаңба
Клиенттің өз қолымен қойылған қолтаңбасының баламасы ретінде электрондық-сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдалану қарастырылған, оның PKCS халықаралық стандарттарына сәйкес келетін X.509 v3 форматындағы сандық сертификаттары бар. Электрондық-сандық қолтаңбаның ЭСҚ форматы XML Signature стандартының базасында іске асырылған, сандық сертификаттың әрекет ету мерзімі қойылған сәттен бастап бір жылды құрайды.
 
ҚТО-ҚБҚ жеткізу жинағына Сандық Сертификаттардың Растайтын Орталығы қосылған болуы мүмкін, ол пайдаланушы күтіп алған Сандық сертификаттарды генерациялау және бақылау үшін пайдаланылады.
 
Тәуекел-бақылау жүйесі
Банктің келесі бақылау критерилерін баптауға мүмкіндігі бар: операцияның белгіленген сомасынан арту, аталған пайдаланушы үшін операция жаслатын жаңа IP-мекенжайды, аталған пайдаланушы үшін сенімді IP-мекенжайлар тізімін, жаңа контрагентті қосу, оның пайдасына төлем жасалады, операциялар сомасына тәуліктік лимитті асыру, алушыны «қара тізім» бойынша бақылау.
 
Тосқауыл қойылған төлемдер банк қызметкерінің қосымша тексеруінен кейін әрі қарай өңдеуге жіберіледі.
 
Көп факторлы түпнұсқалықты анықтау
Арнаны қорғау үшін екі жақты түпнұсқалықты анықтау режимінде 128-бит сессиялық ұзындығы бар SSL хаттамасы қолданылады. Қосымша Интернет-банкке кірген кезде пайдаланушының түпнұсқалығы тек SSL деңгейінде анықталып қана қоймай, сонымен бірге XML-құжаттың қойылған ЭСҚ-ның да көмегімен де тексеріледі.
 
Аудиттің бірыңғай жүйесі
Бірыңғай аудит жүйесі процестің ұйым-клиенттер қызметкерлерінен бастап банк және оның филиалдарының әкімшілеріне дейінгі барлық қатысушыларының – әрекеттерін орталықтан тіркеп отыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, барлық сыни әрекеттер (кіру, құжаттарды дайындау және жіберу, байланыс ақпаратын өзгерту, банк қызметкері үшін – клиенттің құжаттамасын өзгерту, құқықтарды баптау және тағы сол сияқтылар) журналға түсіріліп отырады және ЭСҚ қойылған жеке құжаттар түрінде ресімделеді.
 
Өз кезегінде, клиентке тек жеке деректемелерді ғана (пошта мекенжайы, байланыс ақпараты) өзгертуге мүмкіндік берілген. Басты деректемелерді өзгерту үшін банкке расталған құжаттарды, оның ішінде электронды түрде жүйе құралдары арқылы беру қажет.
 
Аппараттық қорғаныс құралдары
Банк пен клиент арасында клиенттің электрондық-сандық қолтаңбаларына қаскүнемдердің қол жеткізуіне тосқауыл қоятын құралдары ретінде толыққанды қорғалған электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін ЭСҚ кілттерін қорғайтын аппараттық құралдар (USB-кілттер) қолданылады, одан ақпаратты оқу мүмкін емес.
 
Қосымша қауіпсіздік механизмдері
Клиент құрылғыларда сақтаулы тұрған аппараттық қорғау құралдары жоқ кілттерді пайдаланған жағдайда жүйеге заңсыз кіруден қорғау үшін қосымша қауіпсіздік мехнизмдері қарастырылған, олар пайдаланушының Интернет-банкке кіру журналын визуалды түрде бақылауы, белгілі бір өлшемдер бойынша күмәнді төлемдерді ақтауға және оған тосқауыл қоюға мүмкіндік беретін бақылау жүйесі.
 

Банктің клиенттеріне арналған мүмкіндіктер

Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банк
 
Сервис клиентке келесі мүмкіндіктер береді:
  • Өз шотының күйін бақылауға: шоттағы/картадағы қалдығы, шот бойынша үзінді алуға;
  • Қаражатты әртүрлі төлем құралдарының арасында бөлуге;
  • Төлемдерді дайындау кезінде әртүрлі анықтамалықтарды пайдалану мүмкіндігімен еркін деректемелер бойынша, соның ішінде бюджеттік, төлемдер жасауға;  
  • Төлемдерді үлгі бойынша және көшіру операцияларының көмегімен бұрын орындалған құжаттарды дайындау;
  • Валюталық аударымдарды және конверсиялық операцияларды жасауға;
  • Шоттардағы қозғалыстар, шоттағы қаражат қалдығы, құжаттың күйі, банктен құжаттардың келіп түсуі туралы e-mail-хабарламаны баптауға және алуға;
  • Банкке бармай, қашықтан эсқ сертификатын жаңартуға;
  • Шотқа кіру үшін өзінің дербес компьютерін пайдалануға
  • Жүйедегі орындалатын операциялар (кірулер, төлемерді жіберу) туралы e-mail баптауға және алуға;
  • Қаупісіздік құралы ретінде ЭСҚ сертификаттарын пайдалануға.
 
Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банк
 
Сервис клиентке келесі мүмкіндіктер береді:
  • Шоттың күйін бақылауға: шоттағы қаражат қалдығы, шот бойынша үзінді алуға;
  • Әртүрлі филиалдардағы ашылған және/немесе клиенттің холдингілік құрылымының әртүрлі ұйымдарына тиесілі барлық шоттарды "бір терезеден" басқаруға;
  • Төлемдік тапсырыстарды жасау және банкке жіберу;
  • валютадағы қаражат аударымын қалыптастыру және банкке жіберу;
  • Валютаны сатып алуға/сатуға/айырбастауға дайындау және банкке жіберу;
  • Банк белгілеген үлгіні пайдалану және файлдарды тіркеу мүмкіндігімен еркін түрдегі құжаттарды банкке жіберу және одан алу;
  • Сыртқы бухгалтерлік бағдарламалардан құжаттарды импорттау және оларға үзінді-көшірмелерді экспорттау;
  • Төлемдер жасаған кезде контрагенттердің анықтамалығын жасау: үзінді-көшірмеден, сыртқы файлдан импорттау арқылы, құжатты үлгі бойынша жасау арқылы, бұрын орындалған құжаттарды көшіру операциясының көмегімен;
  • Барлық құжаттарды "екі қол ережесі" бойынша электрондық қолтаңбалармен растау, үшінші "бақылаушы" қолтаңбаны (бас ұйым, бақылаушы орган) қою мүмкіндігімен;
  • Шоттардағы қозғалыстар, шоттағы қаражат қалдығы, құжаттың күйі, банктен құжаттардың келіп түсуі туралы e-mail-хабарламаны баптауға және алуға;
  • Шотқа кіру үшін дербес компьютерді пайдалануға
 

[1] - Жұмысты бастау үшін жұмыс орнына сертификаттарды, қауіпсіздік компоненттерін электрондық кілттің ридер драйверін қамтитын инсталляциялық буманы орнату жеткілікті

Технологиялық 1-Платформа

1-Платформа – Банктің әртүрлі ақпараттық жүйесіне арналған өнеркәсіптік платформа,  ол жоғары транзакциялық жүктемелермен, мыңдаған пайдаланушылармен, миллиондаған құжаттармен және шоттармен жұмыс істеуге қабілетті.
 
1-Платформа жаңа буынды құралдар платформасы, ҚТО компаниясының меншікті әзірлемесі болып табылады.
 

Сәулеттік-технологиялық артықшылықтар

Параметрлендіру мүмкіндіктері

Жүйе ядросы банк функционалын баптау әкімшілендіру құралдарымен іске асырылатындай жасалған. Банк мамандары бизнестің қажеттіліктеріне байланысты пайдаланушы интерфейсінің баптаулары, құжат айналымының технологиялық тізбектері, қолданбалы алгоритмдер және пайдалану параметрлері сияқты жүйенің параметрлерін шұғыл түрде конфигурациялай отырып «бағдарламалау» мүмкіндігіне ие болды.
 
Басқа компоненттермен біріктіру
 
Жүйенің негізгі бөлігінде әртүрлі форматтағы деректерді экспорттайтын/импорттайтын әмбебап шлюз іске асырылды, ол әртүрлі сыртқы қолданбалармен, процессингілермен және ақпараттық жүйелермен біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
Деректердің орталықтандырылған моделі
 
ЦФТ-Банк ақпаратты сақтау жүйесінің негізінде деректерді сақтау деңгейінде толық біріктірілу қамтамасыз етілетін бірыңғай деректер қоры жатыр. Бірыңғай қойманы пайдалану есебінен жүйе кез келген операцияны орындау барысында оның ішінде жинақталған барлық ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
 
Модульдік құрылым
 
Құрылымдық платформаның мүмкіндіктері жүйені компоненттердің модульдігі қағидасы бойынша іске асыруға мүмкіндік берді, олардың әрқайсысы белгілі топтағы тапсырмаларды (клиентке қызмет көрсету бойынша негізгі банк операциялары, талдамалық есеп және есептілік, банкті стратегиялық басқару және т.б.) шешуге бағытталған. Бұл кезде технология негізгі деректерді орталықтандырылған сақтауды және банктің әртүрлі ақпарат жүйесінің «қарама-қайшылықсыз» жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Модульдік қағида банктің кез келген масштабтағы және қызмет түріндегі бизнесін қолдау үшін шешімнің сәулетін түрлендіруге рұқсат береді.
 
Жүйеде функционалдық модульдерді пайдалану банкке ағымдағы сәтке қажетті модульдерді ғана пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Функционалдық модульдерге бөлу банктің негізгі өнім қатарына тығыз байланыста тұр. Орындалатын операциялардың саласын кеңейтуге орай жаңа модульдерді қосу есебінен жүйенің қуаттылықтарын сатылай арттыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
 
Масштабталу
 
Шешім мүлдем шексіз масштабталуды қамтамасыз етеді. Бұл бөлшек сауда бизнесін белсенді түрде дамытуды көздейтін банктер үшін өте маңызды, өйткені филиалдық желінің ауқымына және операциялар көлеміне қарамастан ақпараттық банк жүйесінің мүмкіндіктеріне қойылатын шектеулерді алып тастайды.
 

Қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру

Деректердің логикалық тұтастығын қамтамасыз ету
 
Деректердің тұтастығы Деректер Қорын Басқару Жүйесінің (ДҚБЖ) механизмдерімен кепілдендіріледі. Банк ақпаратының қарама-қайшы болмауы жүйедегі деректерді тек тіркелген операциялар арқылы ғана түрлендіруге болатындығымен қамтамасыз етіледі, пайдаланушылардың ДҚБЖ кестелеріне тікелей кіруіне тыйым салынған.
 
Пайдаланушылардың жұмыс тәртібін басқару
 
Пайдаланушылардың жұмыс режимі және құпия сөздерді құрастыру, ауыстыру ережесі Oracle ДҚБЖ бөлігі болып табылатын жүйелік утилитамен белгіленеді.
 
Пайдаланушының ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын анықтау
 
1-Платформа базасындағы шешімдерде рұқсатты бақылау жүйесі Oracle ДҚБЖ-ның рұқсаттарды бақылау жүйесі сыртындағы қондырма болып табылады. Ол келесі қағидалар негізінде құрылған:
  1. Жүйенің ақпараттық ресурстарына пайдаланушылар рұқсатын бақылаудың қажетті икемділігі мен детализациясы деңгейін қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар үшін банк бизнесінің кез келген элементінде (операция, есеп, деректерді қарауға арналған кесте және т.б.) өздерінің сәйкестендіргіші бар және ол пайдаланушыға жекелей тағайындалуы мүмкін. Егер пайдаланушылар тобына бірдей құқықтар қажет болса, онда олар бір функционалдық топқа кіргізіледі.
  2. Сервер жағындағы рұқсат жүйесін іске асыру, бұл пайдаланушының 1-Платформа ақпараттық ресурстарына 1-Платформа клиенттік орыннан айырмашылығы бар Oracle ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып рұқсатты бақылау жүйесін "айналып өту" арқылы қол жеткізе алмауы үшін қажет.
 
Жүйедегі деректерді өзгерту журналдары
 
Жүйедегі пайдаланушылар әрекеттерінің аудиті келесі журналдар арқылы жүргізіледі:
  1. Операцияларды орындау журналы. Деректерді түрлендіру бойынша кез келген әрекет банк моделінің әкімшісі оны журналға тіркеуді қажет етеді деп белгілеген жағдайда журналда көрсетілуі мүмкін.
  2. Пайдаланушылардың құқықтарын бөлу;
  3. Деректемелердің мәндерін өзгерту. Банк жүйесі деректемелерінің кез келгені журналға тіркеуді қажет етеді деп белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда сол деректеме мәндерінің барлық өзгертулер тарихы сақталады.
  4. Нысандардың жағдайларын, бірінші кезекте төлем құжаттарын өзгерту тарихы. Журналдар тиісті жүйе қызметтерімен автоматты түрде толтырылады. Әрекеттері журналға тіркелетін пайдаланушылар журналдағы жазбаларды жоя алмайды. Барлық журналдардың журналға тіркеу белгісі(немесе деңгейі) бар.
 
Ақпаратты қорғау үшін арнайы құралдарды пайдалану
  1. Ақпаратты криптографиялық қорғау, ол жалпыға қол жетімді деректерді беру арналарымен жіберіледі. Банк ішіндегі құжаттарды ЭСҚ көмегімен қорғау мүмкіндігі (ЭҚА жүйесі – электрондық құжат айналымы).
  2. Клиенттің сәйкестендіру карталарын пайдалану.
  3. Нақты бір банктің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қорғалған құжат айналымын жасау бойынша икемді амал, жекелеген шешімдер және ұсыныстар жасау мүмкіндігі.
Электрондық сандық қолтаңба
 
1-Платформада Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) құралдарын қолдану үшін Электрондық құжат айналымын (ЭҚА) бақылау жүйесі жасалған. ЭҚА жүйесі қаржы ақпаратын қорғайтын екінші контур болып табылады, ол Рұқсат әкімшісі және Қолданбалы модель әкімшісі тарапынан асыра сілтеу қаупін жоюды қамтамасыз етеді.
 
1-Платформада ЭҚА жүйесі ЭҚА Регламентінің негізінде жұмыс істейді, аталған регламентте құжаттардың өмірлік кезеңінің сатылары - құжаттың өңдеу кезіндегі жағдайының өзгерулері бойынша өту шарты сипатталған. Құжат әрбір келесі күйге құжат айналымы қатысушыларының қажетті және жеткілікті көлемдегі сенімді ЭСҚ-сы болған кезде ғана өтеді.
 
Құжаттармен жұмыс істеген кезде ЭҚА жүйесі ішіндегі құжат пен пайдаланушының құпия кілті негізінде пайдаланушының (оператордың/бақылаушының/бухгалтердің) ЭСҚ-сын қалыптастырады. ЭСҚ құжаттың авторлығын анықтауға ғана емес, сонымен бірге пайдаланушының Жүйе ішінде белгілі бір әрекеттерді жасау: құжатты жасау, бақылау, құжатты жүргізу құқығын растауға да кепілдік береді.
 
ЭСҚ құжаттың авторлығын анықтауға ғана емес, сонымен бірге пайдаланушының Жүйе ішінде белгілі бір әрекеттерді жасау құқығын растауға да кепілдік бередіді.